МӘСКЕУ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Мәскеуге келді.
Ертең, 15 мамыр күні Елбасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚШҰ ҰҚК) мерейтойлық сессиясына және Мемлекет басшылары кеңесінің бейресми отырысына қатысады. Іс-шаралар Кремльде, Үлкен Кремль сарайында өтеді.