Қазақстан-Түркия ынтымақтастығы

Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас артып, ынтымақ нығайып келеді. Десек те, бауырлас екі мемлекет, қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдаланбай отыр. Бүгін елімізге сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлы, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болып, тегі, діні мен ділі бір халықтың арасын жақындата түсу мүмкіндіктерін талқылады. Қазақ-түрік қарым-қатынасы барлық сала бойынша аса жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Сонау 1991 жылдың 16 желтоқсанында, еліміздің елдігін, егемендігін ең алғашқы болып таныған түрік ағайындар. Сол уақыттан бері, екі ел басшылығының арасында орнаған ыстық лебізді қатынас, әлі күнге суымай, керісінше жыл санап артып келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас өте жоғарғы деңгейде дамып келе жатыр. Өткен жылы менің Анкараға жасаған ресми сапарым барысында қол жеткізілген келісімдер мен жетістіктерді өзіңіз білесіз. Оның алдында Нахичеваньда кездесіп, Түркітектес мемлекеттерінің арасындағы көп келіссөздерге қол жеткіздік.
Ахмет Дәуітоғлы, Түркия Республикасының Сыртқы істер министрi:
- Аса құрметті Президент мырза. Сіздің күшті де көрегенді саясатыңыздың арқасында, біздің қарым-қатынасымыз ең жоғарғы дәрежеге көтерілді. Сіздің соңғы сапарыңыз, соның барысында қол қойылған стратегиялық әріптестік жөніндегі келісім-шарт та біздің ынтымақтастығымызға жаңа серпін берді.

Осы жылдың мамыр айында елімізге Түркия Президенті Абдолла Гүл келмек. Сол уақытқа дейін, екі елдің ынтымағын нығайта түсер тағы бірнеше мәселе шешілуі тиіс. Ахмет Дәуітоғлының айтуынша, Қазақстан мен Түркия 4 бағыт бойынша қатынасын арттырмақ. Біріншісі - екі ел арасындағы ынтымақ. Қарастырылып жатқан құжаттардың арасында, жас дипломаттардың білім алуы, экономикалық, сауда саттық, мәдени-гуманитарлық араластың болуы баршылық. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарының шет елдердегі Түркия елшілігінің көмегіне жүгіне алуы, бір айлық визасыз келіп-кету мерзімін 3 айға дейін арттыру секілді келісімдер бар. Сонымен қатар, Түркі дүниесі арасындағы ынтымақтастықты арттыру да көзделіп отыр. Бұл тұрғыда құрылып, орталығы Стамбулда орналасатын «Түркі кеңесін» және елімізде ашылатын Түркі дүниесін зерттеу академиясын атап өту абзал.
Тағы бір маңызды да мақтанарлық жәйт, Қазақстан мен Түркияның биылғы төрағалығы.
Ахмет Дәуітоғлы, Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі:
- 2010-2011 жылдарды Қазақстан мен Түркия жылдары деп атауға болады. Себебі Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болса, Түркия Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі ұйымның тізгінін ұстады. Осылайша, біз Еуропа мен Азиядағы маңызды ұйымдардың басшылығын алдық. Ал Елбасының ОБСЕ саммитін Қазақстанда өткізу ұсынысына біз барлық қолдауымызды көрсетуге әзірміз. Біз, Қазақстанның осы әлемде жанған жұлдыз болуын қалаймыз.

Саяси ынтымағымызбен қатар, біздің экономикалық ықпалдастығымыз да баршылық. Өткен жылы сауда-саттық 1,4 миллиард долларға жетіп қалды. Қазіргі таңда елімізде 45 мың адамды жұмыспен қамтып отырған 1400-ден астам бірлескен кәсіпорын бар.
Сонымен қатар, білім беру ошақтары да екі елдің жастарын одан әрі де жақындата түсуде.Мемлекет басшысының өткен жылдың соңына таман Түркияға жасаған ресми сапары барысында, аса маңызды стратегиялық құжаттарға қол қойылды. Соның бірегейі, екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі келісім.
2009 жыл. Анкара. Түркия.
Абдолла Гүл, Түркия Республикасының Президенті:
- Түркияның, күллі түркі тілдес мемлекеттермен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған тұңғыш мемлекеті – Қазақстан. Бұл тегін емес. Қазақстан, саяси әрі экономикалық тұрғыдан, жаңа орталыққа айналды. Біз қазақ халқымен бауырлас екенімізді мақтан тұтамыз.

Сарапшылардың пайымдауынша, екі елдің арасындағы қарым-қатынасқа барынша серпін беретін мемлекет басшыларының жүздесуі. Сондықтан алдағы мамыр айында өтер жоғарғы деңгейдегі кездесуден күтеріміз мол.

Календарь - история добавления материалов

П В С Ч П С В
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
7
 
8
 
9
 
10
 
11
 
12
 
13
 
14
 
15
 
16
 
17
 
18
 
19
 
20
 
21
 
22
 
23
 
24
 
25
 
26
 
27
 
28
 
29
 
30